мини  сочинение на тему празник Наурыз на казахском языке , Помогите пожалусто!!!!
 



Есть ответ
17.12.2022
197

Ответ


НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ
Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан — тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық онан әрмен халық ойындарымен («Айқыш-ұйқыш», «Ақ серек пен көк серек», «Алқа қотан», т.б.), ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, «Қызғалдақ» мерекесімен, қазақша күреспен, ат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай «Алтыбақан» айналасындағы тамашамен аяқталатын.
Наурыздан кейінгі 2-ші күні жұрт жаппай көктемгі егіске кірісетін. Малшы қауым да төл алуға қатысты іс-қарекетімен айналысатын. Наурызды кейінге қалдыра тұратын ауылдардың өзінде де мейрамнан кейінгі 2-ші күні жаппай егіске кірісетін.

Наурыздың 22 күні Наурыз мейрамы (жаңа жыл) екенін қазақ баласының көбі біледі.Наурыз туралы көптен бері,жыл сайын газеттерде жазылып келеді.Бұл мейрам-дін мейрам емес ұлт мейрамы.Тегінде Наурыз ұлт мейрамы болғандағының үстіне оның тарихи маңызының тереңдігі бар.Ызғарлы қыстың кетіп,жан йесі өмір қуатын туғызған жыл,жаздың келетіндігіне барлық жаратылыспен қатар қазақ елі де қуанатын.


Если вы нашли правильное решение, вы можете поблагодарить нас начиная с 10 рублей.
Просто нажмите на кнопку "Подарить".
17.12.2022
Этот сайт использует cookies (Политика Cookies). Вы можете указать условия хранения и доступ к cookies в своем браузере.