пожалуйста помогите мне составить рассказ про фигурное катание на казахском языке.

Есть ответ
17.12.2022
392

Ответ


Мәнерлеп сырғанау (фигурное катание) — спорт түрі. Мұнда спортшы конькимен сырғанап, музыка сазына сәйкес әсем қимыл жасайды.

Мәнерлеп сырғанау алғаш рет Ұлыбританияда пайда болған. 1763 ж. Лондонда Б.Вест мәнерлеп сырғанаудан алғаш рет өнер көрсеткен. Мәнерлеп сырғанаумен айналысатын әлемдегі ең ежелгі әрі әйгілі клуб 1742 жылыЭдинбург қаласында болған. Мәнерлеп сырғанаудың жекелей, жұптасып, топтасып сырғанау және мұздағы би түрлері бар. Жекелей сырғанауда міндетті және еркін жаттығудан спортшы өзінің қабілеті мен шеберлігін көрсетеді. Жұптасып сырғанауға жігіт пен қыз қатысады. Оның үш түрі олимпиада бағдарламасына енген.

Мәнерлеп сырғанауда қозғалыс жылдам не баяу, әр түрлі бағытта (айналып, секіріп, тағыда басқа) орындалуы тиіс. Спорттың бұл түріне баланы 7 — 8 жастан баули бастайды. Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатты 1896 жылдан бастап өтіп келеді. Әуелі тек қана ерлер арасында жарыс өтсе, он жылдан кейін әйелдер де күш сынаса бастады. 1908 жылы жұптасып сырғанаудан, 1950 жылы мұз үстіндегі бишілер бәсекесі ұйымдастырыла бастады.

Қазақстанда алғашқы жарыстар 1957 жылы өтті. Қазақстандықтар арасында жұптасып сынға түсуден Е.Стекольникова мен Д.Казарлыга 1996 ж. Харбинде өткен III Қысқы Азия ойындарында алтын, ал 1996 жылы Кореяның Кангвон қаласында өткен IV Қысқы Азия ойындарында М.Халтурина мен Е.Крюков күміс жүлдені еншіледі. Қазір мәнерлеп сырғанаушылар үйірмелері Алматы, Астана, Орал, Ақтөбе, Теміртау, Қарағанды, Өскеменқалаларында жұмыс істейді.


Если вы нашли правильное решение, вы можете поблагодарить нас начиная с 10 рублей.
Просто нажмите на кнопку "Подарить".
17.12.2022
Этот сайт использует cookies (Политика Cookies). Вы можете указать условия хранения и доступ к cookies в своем браузере.