сочинение на тему - национальные блюда казахстана. на казахском языке

Есть ответ
18.12.2022
407

Ответ


Бас. Ірі қарада бас екі шекеге бөлінеді. Жылқыда кеңсірігі бір бөлек, бас екі шекеге бөлінеді, кеңсіріксіз тұтас та асылады.Жақ. Қой, ешкіде тілмен тұтас жүреді, ірі малдың жағы екіге айырылып, тілі бөлек мүше саналады. Жақ ет, ұрт ет. Ірі қараларда бөлек алынады, көбінесе қуыр-даққа пайдалынылады. Мойын. Алты буын. Бұл қонаққа, сыйлы адамдарға ар-наған табаққа салынбайды. Оны отбасының өзі жейді.Мойын ет. Ірі қарада бөлек сылып алынатын ет, көбінесе қуырдақ қуырады. Бұғана. Екі жақта үш талдан 6 тал. Мүше орнына саналады. Қара қабырға. Алты тал. Мүшелермен бірге әр уақытта табаққа салына береді. Сүбе. Етегімен алынған 6 қабырға. Таңдаулы мүшелердің бірі. Қазы. Семіз жылқыда 20-ға жуық қазы айналдырылады, кейбіреуі қабырғасыз, жыл-қының, басқа малдың ішегіне айналдырылады. Төс. Қыз-күйеулер үшін таңдаулы мүше. Төс ет. Жылқы, сиырда осылайша аталады. Көбіне қуырдақ жасалады, сүрленеді.Төстік. Қойда осылай аталады. Терісімен істікке шаншып, отқа қақтап, құйқасымен жейді. 


Если вы нашли правильное решение, вы можете поблагодарить нас начиная с 10 рублей.
Просто нажмите на кнопку "Подарить".
18.12.2022
Этот сайт использует cookies (Политика Cookies). Вы можете указать условия хранения и доступ к cookies в своем браузере.