нужно написать мини сочинение на казахском языке на тему Болашак кала

Есть ответ
17.12.2022
118

Ответ


Астана – Арқаның төсінде нұрланған Алаштың ең ұлы арманы.Астана - қахарман Қазақтың мәңгілік мәртебесі.Астана – егемен елдің жан дүниесінің жарқылы.Астана – теңдессіз Тәңірі дарытқан дархан халықтың ардағы.Астана – Елбасының ерен еңбегі.Астана – Еуразияның гүлдеген жүрегі, еркін елдің тірегі.
Бұл жолдарды оқи отырып, көз алдымызға Отанымыздың бас қаласының маңғаз бейнесі келеді. Жүрегіміз мақтаныш сезімге бөленеді. Еуразияның жүрегінде орналасып, Қазақстан халқының үш негізгі идеясы – бейбітшілік, келісім мен гүлденуді өз бойына жинақтаған Астана бүтіндіктің, достастықтың және әлемдік кемелденуге қарай мәңгілік жылжудың символына айналды.  6 шілде күні Елбасымыздың астананың геосаяси жағдайын өзгерту жайлы арманынның іске асқанына 11 жыл толады.  Бағдарламаның бастамасы «Бәйтерекке» виртуалды саяхаттан басталады. Оқырмандар қаланың басты әсем орындарын аралап қана қоймай, оның авторы кім, жасаған кім, президент алақанының таңбасы нені білдіретіндігімен де танысады. Жас оқырмандарға кітапхана қызметкерлері «Сиқырлы құс» деп аталатын кітап көрмесін ұсынады. Мұнда білімқұмар балаларды қазақ ертегісін негізге ала отырып «Бәйтеректі» жасаған адаммен виртуалды кездесу күтеді. Мерекелік шараның негізгі бөлігі - Бас қаланың өзі жайлы медиа-сұхбат. Жолбасшымен бірге Астананың ең әсем, ең маңызды жерлерін аралап, олардың тарихына бойлап, қаланың ерекше архитектуралық  құрылыстарымен танысасыз.Сұхбатты «Астана портреті» атты кітап көрмесі толықтырады. Көрме материалдары өткен уақыт аралығында  қаланың қалай өзгеріп, жақсарғаны жайлы әңгімелеп, Астананың тарихи даму кезеңімен таныстырады. «Астана 10 жыл», «Еуразия жүрегінде», «Қазақстанның жеті кереметі» және әсем безендірілген фотоальбомдардан бүгінгі Астана Сізбен бірге сыр шертіседі. Астана – болашақтың қаласы. Мұнда Шығыс пен Батыс, дәстүрлер мен жаңашылдық,  бабаларымыздың даналығы және тәжірибесі мен болашаққа талпыну тоғысқан. Бұл Қазақстан халқының Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен қол жеткізген жетістіктері мен табысының куәсі. Астана көркею, республикамызды жетекші шикізат көзі державасынан инновациялы экономикалы елге айналдыру саясатын іске асырады.
 


Если вы нашли правильное решение, вы можете поблагодарить нас начиная с 10 рублей.
Просто нажмите на кнопку "Подарить".
17.12.2022
Этот сайт использует cookies (Политика Cookies). Вы можете указать условия хранения и доступ к cookies в своем браузере.