Монолог на казахском языке о романе Азылхана Нуршаыкова про Бауыржана Момышулы ​

Есть ответ
12.12.2022
340

Ответ


Ответ:
Қазақ әдебиетінде журналистика мен әдебиетті етене байланыстырып биік деңгейге көтерілген тұлға, айшықтай айтсақ жазушы кем де кем. Тіпті аз. Сол төңіректе бірден көкейге кең орныққан Әзілхан Нұршайықов ағамыз. Әсілі жазушы. Жазған-сызғандарының ішінде осы ойымызға жақыны, журналистиканың әдебиетке айналғаны «Ақиқат пен аңыз» атты ғұмырнамалық романы. Роман журналистің сұрақ қойып, жауап алуы арқылы ел қаһарманы Бауыржан Момышұлының асқақ бейнесін терең аша түскен. Тіпті түгелдей. Бауыржан Момышұлының балалық шағынан бастап астарлынып айтылған ақиқат, таза мінсіз шындыққа құрылған шығарма ретінде құнды. Бауыржан атамыздың ел аузында жүрген жықпырт сөздер мен шындық бояудың қайсы екенін ажырата түскендей боласың. Батырдың жау тылындағы ерліктері, жауынгер солдаттары үшін жасаған жанкешті тірліктері романның ары қарай тез оқылуына итермелей түсетін детальдық ирімдер. Махаббатын тек Отанына арнаған, адалдығын қатаң өмірінің қағидасына құрған жауынгер тұлға «балықшы балықшыны алыстан таниды» демекші Панфилов сияқты дәуір адамдарының өнегесін, майы тұстарын тұщына қабылдағанына риясыз сене отырып қабылдайсың. Жауынгер тылында жүріп өзінің қазақ екенін, қанының қасиетті екенін өзге тұлғалар алдында қасқая тұрып дәлелдегені, өзгеге өз жұртын мойындатуы өлі аруақты тіріге тұғырлы ете түсетіндей. Жас журналистің Бауыржан батырмен сұхбаттасуы, тың дерек алуы соншалықты қиындыққа түсуі Әзілхан жазушының (журналистің) батыр тарапынан терең зерттеліп, ұрпаққа қалдырар өнегенің сенімді адамның қолына түсуінің бірден бір дәлелі. Шағын очерк жазуды тапсырма етіп алған азаматтың ашылмаған қазынаға тап болғанын өзі де жедел түйсініп, бел шеше кіріскені айқын көрінеді. Батырдың соғысқа дейінгі, соғыстан кейінгі ғұмыр жолы екі түрлі деп ой түйетіндер түйдегі де кездесіп жастса, романды оқу жолында Бауыржан Момышұлының туғаннан бітімі мен білімдарлығы, мінезі мен түйсігі батырға арналып туылғанын іштей сезіп, табиғат берген дала батырларының бірі екенін ұғындық. Тіл, тіл деп қақсаған сан сарапдалдардың үнінен батыр дауысы басымырақ па деп қалған тұстар да жоқ емес.
Әдебиет десе делебесі қозатын батырдың сонау қан кешкен кезең кеңес тұсында соғыс ортасында жүріп Қазақстан жазушылар Одағына жазған хаттары осы ұақытқа дейін айтылып келе жатқан заман жаңғырығы сияқты. Қазақтың төрге төңіректеген жазғыштарды зіл сөздерімен түйреп, «соғыстағы солдаттарға рух беретін шығармалар жоқтың қасы. Неге жазбайсыңдар...» деп жарықшақтана үн беруі азаматтықтың, ұлттық мінездің байқалмайтын көріністерінің бірі. Романды оқу барысында Бауыржан батырдың өз сиясымен жазылған «Ұшқан ұя» атты эссе романың жарқын тұстарын ұшыраттық. Батырдың өлсе өтірік айтпайтынын ескерсек жазды деу, тіпті, әбестік. Осы тұста «Ақиқат пен аңыздың» қаншалықты шынайы, «ақиқаты» мен «аңызын» ажыратып берген туынды деп бас имеске шараң жоқ.
Ал романның көркемік жағына келсек әңгіме басқаша болмақ. Классика деп мойындау әдебиетке жанрлық тұрғыдан келгенде қиянат. Бұл классик деудің өзі шартты. Олай болса «Ақиқат пен аңыз» оқырманның өзі жасаған классикалық романы. Білімпаз ғалымдар мен оқырман бір бір белес. Халық айтса қалт айтпайды. Романның қай жағынан да жағымдылығы шындығы мен аңыз адамды ақиқатқа айналдырып, нақты бағасын ел алдында бере білуі. Білгіштер үшін бұл тек дерек қана болуы мүмкін, қайтіп, қалай айтсақта бұл ұрпақ алдындағы тап-таза шындық.
Авторға келсек илеген пұшпағы бірдің танымы жақын, сөз жоқ «Ақиқат пен аңызының», «Махабат қызық мол жылдарының» алдында білдей жазушы. Солай болған да, бола да бермек.



Если вы нашли правильное решение, вы можете поблагодарить нас начиная с 10 рублей.
Просто нажмите на кнопку "Подарить".
12.12.2022
Этот сайт использует cookies (Политика Cookies). Вы можете указать условия хранения и доступ к cookies в своем браузере.